«Логопедиялық қонақ бөлмелері»

Ағымдағы жылдың 15-наурызы мен 5-сәуір аралығында Павлодар облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде «Логопедиялық қонақ бөлмелері»өтті. Олардың жұмысына ата-аналар, білім беру, әлеуметтік қорғау бөлімдерінің мамандары, балалар емханаларының медицина қызметкерлері, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының педагогтері қатысты.

Бұл іс — шараның мақсаты-сөйлеуді дамытудың негізгі әдістерімен танысу;

— мұғалімдер мен ата-аналарға балалардың сөйлеуін дұрыс қалыптастыру қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектесу;

— педагогтарды, мамандарды және ата-аналарды түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктерін түсіндіру және таныстыру;

— педагогтарды, мамандарды және ата-аналарды жұмыста және үй жағдайында одан әрі бекіту үшін сөйлеуді түзету бойынша ойын тәсілдерін пайдалануға үйрету.

Іс-шара барысында қонақтарды түзету кабинетінің жұмысымен таныстырды. Логопедтер жаңа технологияларды пайдалана отырып, ашық сабақтар, мастер-класстар, тренингтер арқылы логопедтік жұмыс тәжірибесін көрсетті.

«Логопедиялық қонақ бөлменің» соңғы кезеңі қызығушылық танытқан адамдар мен сөйлеуі бұзылған балаларға кеңес беру болды. Барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа