«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық байқауының бірінші кезеңінің қорытындылары
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша екі педагог Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің атынан жүлделі орындарға ие болып, байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды.
«КППК үздік педагогы» номинациясы бойынша:
- 1 орын – Щербақты ауданы КППК логопед-мұғалімі Орынбасарова Ш.Е.
- 2 орын – Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопед-мұғалімі Тұқтағұлова Л.Е.
Байқау педагог еңбегінің беделін арттыру, арнайы білім беру ұйымдарының (АБҰ) үздік педагогтарының тәжірибесін тарату, сондай-ақ педагогтардың кәсіби шеберлігін және әлеуметтік-кәсіби әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі.
Байқаудың негізгі міндеттері:
- арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарын анықтау, қолдау және марапаттау;
- инновациялық педагогикалық қызметті таратуға ықпал ету;
- педагогикалық инновациялар мен шығармашылық белсенділікті ынталандыру;
- озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және жетілдіру формаларын дамыту.
Бұл байқауға қатысу педагогтарға өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен әлеуметтендіру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.




