• Без рубрики

«ОППТК» КММ, Май ауданының ППТК 2025 жылғы жетістіктері

22.01.2025 жылы Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогкалық университетінің базасында «Түзету кабинеттерінде психологиялық – педагогикалық қызметті ұйымдастыру: Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды сүйемелдеу және қолдау» тақырыбында облыстық семинарда ППТК педагог-психологі Сыздыкова Г.К «ЕББҚ бар балалардың ата-аналарына кеңес берудың ерекшеліктері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

«Білім» республикалық білім орталығы ұйымдастырған «Педстарт» республикалық конкурсына педагог-психолог Сыздыкова Г.К қатысып, «Үздік педагог» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Лидер ХХІ века» Халықаралық инновациялық білім орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты І Халықаралық педагогикалық байқауының «Педагогикалық портфолио» номинациясының 1 орын игері дипломы берілді.

«Лидер ХХІ века» Халықаралық инновациялық білім орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты І Халықаралық педагогикалық байқауының «Әдістемелік әзірлеме» номинациясының 1 орын игері дипломы берілді.

Мұғалім-логопед Сыздыкбаева А.Ж ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты» өткізген «Педагогикалық шеберлік-2025» конкурсына «Инклюзивті білім беру» бағыты бойынша қатысып,  сертификат алды.

«Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған жас суретшілерге арналған «Бояулар құпиясы: Менің сүйікті мультфильмім» тақырыбында  өткен конкурсында ІІ орын тәрбиеленуші Ермек Абу Бакр алды, жетекшісі: педагог-психолог Сыздыкова Г.К.

«Білім» республикалық білім орталығы ұйымдастырған «Табиғатты аяла»  І Халықаралық байқауына Ермек Абу Бакр қатысып 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: мұғалім-логопед Сыздыкбаева А.Ж.

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ жыл сайын өткізетін «Біздің таланттар» конкурсына кабинеттен 2 бала қатысты.

  1. Андасов Бахтияр – «Кішкентай биші» номинациясы. Жетекшісі – педагог-психолог Сыздыкова Г.К
  2. Гросс Ясмин — «Бармағынан бал тамған» номинациясы. Жетекшісі – мұғалім-логопед Сыздыкбаева А.Ж

 

ППТК әдіскері: Сыздыкова Г.К

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа