17.02.2026 ж., Павлодар облысы білім беру басқармасы Железин ауданы білім берубөлімінің «Т.П. Праслов атындағы Прииртышск жалпы орта білім беру мектебі» КММ базасында «Ашық мектеп» жобасы аясында мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті.
Семинардың тақырыбы: «Инклюзивті білім беру жүйесінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау».
Семинардың мақсаты — мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің инклюзивті оқыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында Железин ауданы ППТК әдіскері Розова А.Д. баяндама жасады.
Баяндама тақырыбы: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы заманауи инновациялық технологиялар мен педагогикалық әдістемелер». Өз сөзінде әдіскер ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудағы өзекті тәсілдер мен тиімді тәжірибелерге тоқталды.



