Бүгін, 2026 жылғы 25 ақпанда Ақсу қаласының қалалық ауруханасы базасында «ППТК жағдайында табысты командалық жұмыс істеудің кейстері» атты облыстық семинар сәтті өтті.
Семинар барысында білім беру, денсаулық сақтау және ППТК мамандары тәуекел тобына жататын балаларды ерте анықтау, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық диагностика және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу мәселелерін талқылады.
Спикерлер және баяндама тақырыптары:
- Сарсембаева Элла Юрьевна – психология мамандығы бойынша PhD философия докторы, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті аға оқытушысы. «ЕББҚ бар балалардың ата-аналарына кеңес беру процесінде сендіру әсері»;
- Миляева Юлия Игоревна – педиатр, бағдарлама бойынша үйлестіруші. «Психофизикалық скрининг – ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бағалау құралы ретінде»;
- Жунусова Айнаша Жаскайратовна – Облыстық ПМПК басшысы.
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтау және кешенді сүйемелдеу контекстіндегі ПМПК қызметі»; - Адылханова Асем Муратовна – Ақсу қ. ППТК басшысы.
«Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған даму ортасын құру бойынша ресурстық орталық ретіндегі ППТК қызметі»; - Тулегенова Самал Макановна – Екібастұз қ. ППТК басшысы.
«ППТК жағдайында білім беру мақсаттарына қол жеткізуде ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»; - Сыздыкова Гульсинай Канатовна – Май ауданы ППТК педагог-психологі. «ППТК жұмысының негізгі бағыттары: ортақ міндеттер, мәселелер мен шешу жолдары»;
- Орунбасарова Ш.Е. – Шарбақты ауданы ППТК мұғалім-логопеді.
«ЕБҚ бар балалардың дыбыстық айтылуын түзету – диагностикадан нәтижеге» кейсі; - Туктагулова Л.Е. – ОППТК мұғалім-логопеді. «ППТК жағдайында табысты жұмыс істеудің кейстері»;
Тәжірибелік бөлімде нақты жағдайлар қарастырылып, мамандар өзара тиімді тәжірибелерімен алмасты. Барлық қатысушыларға белсенділік пен кәсібилік үшін алғыс білдіреміз!







