• Без рубрики

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық байқауының бірінші кезеңінің қорытындылары

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша екі педагог Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің атынан жүлделі орындарға ие болып, байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды.

«КППК үздік педагогы» номинациясы бойынша:

  • 1 орын – Щербақты ауданы КППК логопед-мұғалімі Орынбасарова Ш.Е.
  • 2 орын – Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопед-мұғалімі Тұқтағұлова Л.Е.

Байқау педагог еңбегінің беделін арттыру, арнайы білім беру ұйымдарының (АБҰ) үздік педагогтарының тәжірибесін тарату, сондай-ақ педагогтардың кәсіби шеберлігін және әлеуметтік-кәсіби әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі.

Байқаудың негізгі міндеттері:

  • арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарын анықтау, қолдау және марапаттау;
  • инновациялық педагогикалық қызметті таратуға ықпал ету;
  • педагогикалық инновациялар мен шығармашылық белсенділікті ынталандыру;
  • озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және жетілдіру формаларын дамыту.

Бұл байқауға қатысу педагогтарға өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен әлеуметтендіру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа