Педагогтардың «Тәрбиеші мен Балдырған» халықаралық журналындағы мақалалары

Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагогтары өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіру мен тәжірибе алмасу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Ғылыми-әдістемелік қызмет аясында мамандар «Тәрбиеші мен Балдырған» халықаралық журналында өз мақалаларын жариялап, кәсіби құзыреттіліктерінің жоғары деңгейін дәлелдеді. Педагогтарға мақалаларының жарияланғанын растайтын халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды.

Жарияланған мақалалардың тақырыптары:

  • Тұқтағұлова Л.Е., логопед-мұғалім – «Балалардағы фонематикалық есту қабілетін диагностикалаудың заманауи әдістері»;
  • Сүлейменова Г.К., дефектолог-мұғалім – «Даун синдромы бар бала: сөйлеуді қалай іске қосуға болады?»;
  • Орынбасарова Ш.Е., логопед-мұғалім – «[Ш] дыбысын буындар мен сөздерде автоматтандыру» (жеке логопедиялық ашық сабақтың конспектісі);
  • Сыздыкова Г.К., педагог-психолог – «Мектеп жасына дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық процестерін дамыту»;
  • Балтабаева Р.Ж., логопед-мұғалім – «Сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған сауықтырудың бір түрі ретінде ойын арқылы өзіндік массаж».

Бұл мақалалар педагогтардың жоғары кәсіби деңгейін, инновациялық тәсілдерді қолданудағы ізденістерін және түзету-педагогикалық тәжірибені жетілдіруге деген ұмтылыстарын көрсетеді. Жарияланған материалдар әріптестер арасында тиімді әдістемелермен алмасуға, шығармашылық әлеуетті дамытуға және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Читайте также:

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа