«Түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері»
2026 жылғы 18 ақпанда Екібастұз қаласында «Түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешендік психологиялық-педагогикалық түзету — дамыту жұмыстарында мамандардың бойынша тәжірибелерін жалпылау.
Семинарды ПППК басшысы С.М. Түлегенова кіріспе сөзбен ашты.
Іс-шара барысында педагогтерге арналған тренингті педагог-психолог Борейко В.А. өткізді.
Семинар аясында түзету кабинеті мамандары баяндама жасады:
- Имантаева А.Н. — мұғалім-логопед;
- Мұхит С.М. — дене шынықтыру мұғалімі.
Сонымен қатар ашық сабақтар өткізілді, оған төмендегі мамандар қатысты:
- Имантаева А.Н. — мұғалім-логопед;
- Пищида М.С., Борейко В.А. — педагог-психологтар;
- Мұхит С.М. — дене шынықтыру мұғалімі;
- Арысаева З.Б. — мұғалім-дефектолог.
Қалалық семинарды өткізу Екібастұз қаласы педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және түзету-дамыту жұмысы жүйесінде мамандар арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды нығайтуға жағдай жасады.



