Түзету кабинеттерінің мамандары ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті

29 қыркүйекте облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті Павлодар қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарына арналған облыстық семинар өткізді.

Семинарға Павлодар қалалық ПМПК, «Асыл-Мирас» аутизм орталығының басшылары, психологтар, логопедтер, дефектологтар және тәрбиешілер қатысты.

Семинарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзетуге қатысты әртүрлі тақырыптар қарастырылды. Әр баланың жеке қажеттіліктерін анықтау, даму ақауларының әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу әдістері, сондай-ақ балалардың әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасау дағдылары қарастырылған.

Жаңа әдіс-тәсілдерді түсіндіру үшін практикалық жаттығулар мен демонстрациялар ұсынылды.

Семинарға қатысушылар ерекше білім қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда қолдануға болатын түрлі әдістер мен бағыттарды көріп, тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

Мұндай семинарларды өткізудің маңыздылығы ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандардың білімін жаңартып, оларды ерекше қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі заманауи тәсілдер мен озық тәжірибелер туралы ақпараттандыру болып табылады.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа